Биткоин 96 мың доллардан асты
АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбі күні биткоин $100 000-ға жақындады, өйткені инвесторлар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп тұсында криптовалютаны реттеуге деген көзқарасы активтер класы үшін өрлеу дәуірін бастауы мүмкін, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Биткоинның құны 96 000 доллардан асты. Сондай-ақ, биылғы жылы криптовалютаның құны екі еседен астам өсті, Трамп АҚШ-тың келесі президенті болып қайта сайланғалы бұл көрсеткіш шамамен 40% өсті.
«Биткоин қазір шамадан тыс сатып алынған аймақта болғанына қарамастан, ол 100 000 доллар деңгейіне жақындады», — деді IG Markets сарапшысы Тони Сайкамор.
Трамп өзінің сайлауалды науқаны кезінде АҚШ-ты «планетаның криптовалюта астанасына» айналдыруға уәде беріп, цифрлық активтерді қолдаған болатын.
«Көптеген бұл әкімшілік криптовалюта қауымдастығы қалаған нормативтік нақтылықты қамтамасыз ете ме деген сұрақ туындайды. Әлі бұл туралы айтуға ерте шығар», — деді WisdomTree цифрлық активтерінің басшысы Уилл Пек.
Айта кетейік, Биткоин бағамы тарихта алғаш рет 80 мың доллардан асқанын жазған едік.
Күні кеше оның құны тағы асқақтап, Сейсенбіде биткоин бағасы сауда деректеріне сәйкес 93 500 доллардан жоғары жаңа рекордтық деңгейге жетті.