БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Бұл туралы құқық қорғау органының баспасөз қызметі мәлім етті.

жемқорлық
Фото: Kazinform

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

— Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыда құжатта көрсетілген, — делінген хабарламада. 

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Былтыр Қазақстанда 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар