Боксшы Аман Қонысбеков әлем кубогындағы жарыстан шығып қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогы финалдық кезеңіндегі өнерін аяқтады.
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Сергей Сергеевпен (Ресей) кездесті.
ҚР ҰОК мәліметінше, үш раундқа жалғасқан жекпе-жекте Ресей боксшысы 1:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келі) жарыс жолын тоқтатқан еді.
Фарух Тоқтасынов бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты.
Карина Ибрагимова Өзбекстанда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің финалына шықты.