Бокстан АЧ: Виктория Графеева тайбэйлік спортшыны нокаутпен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін қазақстандықтардан соңғы болып Виктория Графеева рингке көтерілді.

Виктория Графеева
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

В.Графеева 60 келіге дейінгі салмақта тайбэйлік Чень Сюань Енмен қолғап түйістірді.

Виктория қолы мен бойының ұзындығын пайдаланып, қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде тайбэйлік боксшы үшінші нокдаунын алғаннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, бейсенбі күні шаршы алаңға шыққан алты қазақстандық боксшының бесеуі жартылай финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Оразбек Асылқұловтың шаршы алаң иесін қапы қалдырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ерасыл Жақпеков жартылай финалға өтті.

Жазира Орақбаева бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. 

Ұлжан Сәрсенбек қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.



Соңғы жаңалықтар