Бокстан Азия чемпионаты: Гүлсая Ержан өзбекстандық қарсыласын жеңіп, финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында ерлер және әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан алтын медаль үшін таласады.

Бокстан Азия чемпионаты: Гүлсая Ержан өзбекстандық қарсыласын жеңіп, финалға шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Гүлсая Ержан (81 кг) жартылай финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовамен рингке көтерілді.

Бірінші раундта төрешілер өзбекстандық боксшы басым деп тапты – 5:0. Екінші кезеңде Гүлсая қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді – 5:0. Қорытынды есеп: 4:1, Гүлсая Ержанның пайдасында.

Тағы бір қазақстандық Диана Мағауяева 75 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лина Ванмен рингке шықты. Мұнда қытайлық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, бүгін Қазақстан әйелдер құрамасынан 9 боксшы шаршы алаңға шықса, соның төртеуі финалға өтті. Қалғаны қола жүлдені қанағат тұтты. Соның ішінде үшеуі төрешілердің шешімімен өзбекстандықтарға жол берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Виктория Графееваның қарсыласын нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аида Әбікеева бокстан Азия чемпионатының финалына өтті.

Наталья Богданова Азия чемпионатының алтынына таласады.

Соңғы жаңалықтар