Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

«2025 жылғы 25 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Балқаш қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске  сала кетсек, Қазгидромет 24 қарашада ауа райына байланысты 16 өңірде ескерту жариялады. 

Сондай-ақ бүгін Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар