Бүгін Алматы мен батыстағы екі облыста ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 22 қазанда Ақтөбе, Атырау, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген ақпаратта.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, 22 қазанда Астана мен 17 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Бұған дейін елордалық оқушының экологиялық жобасы министрлікке ұсынылды.
Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысында экологиялық тексеруден соң 12 ауылдық округ әкімі жазаланды.