09:28, 18 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Бүгін Алматының бас шыршасы жағылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін, 18 желтоқсанда сағат 19:00-де Алматының бас шыршасы жағылады.
Бас шыршаны жағу рәсімі Республика сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, кеш аясында сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін көрермендерге арнап арнайы дайындалған ауқымды мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылады.
Мерекелік кеш сахнасында Роза Рымбаева, «Жігіттер» тобы, Әли Оқапов, «KешYOU» тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, «ASTRA» тобы, Kodi сияқты танымал эстрада әншілері өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Абай алаңында кішкентай көрермендерді Аяз Ата мен Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлайды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар жаңа жылда қай күндері демалатынын жазғанбыз.