Бүгін Астана мен Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Фото: Freepik

— 2026 жылғы 12 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, күндіз Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, алдағы күндері кей өңірде 33 градус аяз болады.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум