Бүгін Астана мен Алматыда және тағы алты қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

– 31 наурызда Алматы, Астана, Павлодар, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында, түнде Қостанай, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскеменде экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорынға 20 млн теңге айыппұл салынды.

Ал «Жер сағаты» акциясына биыл еліміз бойынша 500-ден астам нысан қатысты.

Соңғы жаңалықтар