Бүгін Астана мен тағы 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: Magnific.com

— 19 қарашада атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Теміртау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен, Павлодар қалаларында, түнде Жезқазған қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Атырауда 31,8 мың гектар жерден көтерілген шаң қалаға қауіп төндіріп отыр.

Бұған дейін Өскеменде экологиялық паспортты әзірлеу бес жылға кешеуілдеді.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық талаптарды орындамаған 16 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.