Бүгін батыстағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 17 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, күндіз Ақтөбе қалаларында күтіледі, делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Атырау облысында сарқынды суды рұқсат етілмеген жерге төккен мекеме басшылығы жазаланды.

Соңғы жаңалықтар