Бүгін Чемпиондар лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды.

2024/2025 маусымда Чемпиондар Лигасы жаңа форматта өтіп жатыр. Жарыстың аталған сатысында 36 команда сынға түсті. Олардың арасынан алғашқы сегіз орын алған клубтар тікелей 1/8 финалға жолдама алды. Олардың қатарында, «Ливерпуль» (Англия), «Барселона» (Испания), «Арсенал» (Англия), «Интер» (Италия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Байер» (Германия), «Лилль» (Франция), «Астон Вилла» (Англия) клубтары бар.
Негізгі кезеңде 9-24 орын алған командалар 1/16 финалда кездеседі. жарыстың аталған сатысына шыққан командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе нәтижесі төмендегіше:
- «Брест» (Франция) - «Пари Сен-Жермен» (Франция)
- «Монако» (Франция) - «Бенфика» (Португалия)
- «Брюгге» (Бельгия) - «Аталанта» (Италия)
- «Спортинг» (Португалия) - «Боруссия Дортмунд» (Германия)
- «Манчестер Сити» (Англия) - «Реал Мадрид» (Испания)
- «Селтик» (Шотландия) - «Бавария» (Германия)
- «Ювентус» (Италия) - ПСВ (Нидерланд)
- «Милан» (Италия) - «Фейеноорд» (Нидерланд)
Алғашқы ойын 11-12 ақпан күндері болса, қарымта матчтар 18-19 ақпанға белгінген.