Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Фото: Freepik

— 21 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар