07:30, 18 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа сапасы жоғары болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылдың 18 желтоқсанында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау қаласында күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетейік, 17 желтоқсан күні өңірлерде ауа сапасы төмендемейтіні хабарланды.
Ал ауа райына байланысты еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды.