Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасының төмендейтіні хабарланды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

КарГРЭС, Ауа сапасы, экология
Фото: Elena Weber (RFE/RL)

«2025 жылғы 29 желтоқсанда Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда экологиялық рұқсатсыз жұмыс істейтін моншалар назарға алынды. Қатты отын пайдаланатын моншалар мен сауналар атмосфералық ауаның ластану көзіне айналуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар