Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

«2025 жылдың 10 қарашасында Атырау, Алматы, күндіз Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» боран мен көктайғақ салдарынан еліміздің 17 өңірінде 10 қараша күні дауылды ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар