09:30, 18 Қаңтар 2026 | GMT +5
Бүгін Еуропа Одағы елдері елшілерінің шұғыл кездесуі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл жиын Брюссельде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Гренландия жағдайына байланысты Еуропаның сегіз еліне импорттық тауарларға тарифтер енгізу туралы мәлімдемесінен кейін ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Белта агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.
Мұндай кездесулерде елшілер әдетте кейінгі министрлер деңгейіндегі ЕО Кеңесі отырысында талқыланатын нақты шараларды дайындайды.
Еске сала кетейік, АҚШ Гренландияға байланысты Еуропа елдерінің тауарларына баж салығын енгізбек.
Артынша Гренландия мен Данияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны басып алу жоспарына наразылық білдіріп, көшеге шыққан еді.