Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: Magnific.com

— 15 қазанда Алматы, Астана, Көкшетау қалаларында, ал түнде Ақтөбе, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда экологиялық тексеруден соң 12 ауылдық округ әкімі жазаланды. Сондай-ақ аймақта экология заңнамасын бұзған кәсіпорынға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты бір айда нақты шешім қабылдауды тапсырған болатын.