Бүгін Қазақстанның қай қалаларында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: Pixabay

– 6 мамырда Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер, Алматы және түнде Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, Өскеменде кәсіпорындағы жарылыстан соң маңайдағы көше тұрғындарынан улану бойынша шағым түспеген.

Жарылыс болған «Қазцинк» кәсіпорнында ауа сапасына жүргізілген тексеру қорытындысы шықты.