07:30, 21 Ақпан 2026 | GMT +5
Бүгін өңірлерде ауа сапасы төмендемейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2026 жылғы 21 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында көктемнің алғашқы айында ауа райы қандай болатыны туралы жаздық.
Еске салайық, Өскемен қаласында қаңтар айының 15 күнінде ауа сапасы ластанып тұрған.