Бүгін өңірлерде ауа сапасы төмендемейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: Kazinform

— 5 наурызда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты үш өңірде көлік қозғалысы шектелді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум