Бүгін шығыс пен батыстағы өңірлерде ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 22 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы қалаларында және түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда көмір мен құрылыс қалдықтарына қатысты экологиялық бақылау күшейтіледі.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің 11 өңірі мен Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.