БҰҰ Бас хатшысы мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш мұсылман әлемін Ораза айтпен құттықтап, Газадағы, Судандағы және басқа да көптеген елдегі мұсылмандардың мерекені тойлай алмағаны «ауыр тигенін» айтты.

құттықтау
Фото: видеодан скрин

«Менің жүрегім жаралы. Газадағы, Судандағы және басқа да көптеген жерде қақтығыстар мен ашаршылық салдарынан мұсылмандар Рамазанды дұрыс тойлай алмайды», - деп жазды БҰҰ Бас хатшысы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Гутерриш бүкіл мұсылман әлеміне ізгі тілегін білдірді.

БҰҰ Бас хатшысы әлемдегі барша мұсылмандарды Рамазан мейрамымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар