Чилиде президент сайлауының екінші туры өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Чилиде президент сайлауының екінші туры өтеді. Қазіргі мемлекет басшысы Габриэль Борич Конституцияға сәйкес қатарынан екінші мерзімге түсе алмады, деп хабарлайды ТАСС.
Екінші турға солшыл ұстанымдағы «Чили үшін бірлік» коалициясының кандидаты Жанетт Хара және консервативті Республикалық партияның өкілі Хосе Антонио Каст шықты. Бұл үміткерлердің екеуі де 50 пайыдан жоғары бар алғанымен, алғашқы турда жеңіске жете алмады.
Жанетт Хара бұрын еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі болған. Оның бағдарламасы еңбек жағдайын жақсартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Ол ең төменгі жалақыны 750 мың песоға дейін көтеруді, кәсіпкерлерге субсидия беруді және инфрақұрылымды дамытуды ұсынады. Қауіпсіздік мәселесінде полицияны жаңғырту, жаңа түрмелер салу және заңсыз көші-қонмен күресу шараларын күшейтуді көздейді. Сыртқы саясатта Чилидің АҚШ, Қытай және Еуроодақпен теңгерімді қарым-қатынас орнатуын қолдайды.
Хосе Антонио Каст мемлекеттің экономикаға араласуын азайтып, қылмысқа қарсы қатаң саясат жүргізуді жақтайды. Ол корпоративтік салықты төмендетіп, мемлекеттік шығындарды қысқартуды, шекараларда қоршаулар орнатуды ұсынады. Каст абортқа, эвтаназияға және біржынысты некеге қарсы.
Сауалнамаларға сәйкес, сайлаушылардың 46%-ы Кастты, 34%-ы Хараны қолдауға дайын. Чилиде дауыс беру міндетті, сайлау учаскелері таңғы 8:00–ден кешкі 18:00–ге дейін ашық болады.
Бұған дейін Чилиде президенттік және парламенттік сайлау өтетінін жаздық.
Еске сала кетсек, жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада президент сайлауын өткізетін уақыт келгенін айтқан еді. Ал Владимир Зеленский президенттік сайлауға дайын екенін мәлімдеді.