Дамыған елдерге келетін мигранттар қатары төрт жылда алғаш рет азайды

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше дамыған 38 мемлекетке тұрақты тұру үшін 6,2 млн адам кірді, деп хабарлайды DW.

п
Фото: freepik

Бұл көрсеткіш үш жыл бойғы тұрақты өсімнен кейін алғаш рет төмендеді. 2023 жылмен салыстырғанда 4% аз. Бірақ пандемияға дейінгі кезеңнен әлі де 15% жоғары.

Иммиграцияның негізгі себебі – отбасымен қайта қосылу. Ал еңбек мигранттарының саны 2020 жылдан бергі өсу кезеңінен кейін 21% қысқарды.

Ал барлық иммигранттардың жартысы бес елге бағытталған: АҚШ, Германия, Канада, Ұлыбритания және Испания. Мигранттар шыққан елдер ішінде Венесуэла, Колумбия және Сирия көш бастап тұр.

Бұған дейін Германияда мигранттар ең көп жұмыс істейтін мамандықтар анықталғанын жазғанбыз

Сондай-ақ қазақстандықтар жұмыс істеуге көбіне қай елдерге баратыны белгілі болды.

Ал Қазақстанға Қытайдан келген жұмысшылардың үлесі қанша екенін мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар