Дархан Хайруллин СҚО Мемлекеттік қызмет істері департаментін басқарады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Дархан Хайруллин СҚО Мемлекеттік қызмет істері департаментін басқарады
Фото: СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

47 жастағы Дархан Хайруллин Ресейдің Омбы қаласында туған. Жоғары білімді экономист және заңгер.

Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысы соттар әкімшісінің Көкшетау аумақтық бөлімінде сот орындаушысы болып бастаған. Кейін осы мемлекеттік органда атқарушылық іс жүргізу және сот приставтары қызметі бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

2007-2025 жылдары Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері басқармасы мен департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2025 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Ал 2026 жылдың сәуір айынан бастап СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар, ол өңірлік Әдеп жөніндегі кеңесті де басқарады.

Ал бұған дейін өңірдегі департаментті басқарған Ержан Қарымсақов Түркістан облысында Мемлекеттік қызмет істері департаментіне басшы болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар