Дәстүрлі садақ атудан Аустралия мен Қазақстан алтын жүлдеге таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан командалық сайыста Қазақстан командасы финалға шықты. 

Дәстүрлі садақ атуда Аустралия мен Қазақстан алтын жүлдеге таласады
Фото: ДКО

Командалық сайысқа 16 елдің құрамасы қатысқан. Команда құрамында 3 ер, 2 әйел спортшы болады. Әр қатысушыға 3 оқтан 1 мүмкіндік және 5 минут уақыт беріледі. Әр тиген жебе үшін команда еншісіне 1 ұпайдан жазылады. 

ұлттық спорт
Фото: ДКО

Қазақстан тобында Ажар Төлеуқанова, Айкөркем Батихан, Қанат Қасымхан, Марат Бексұлтан, Мақсат Әбдікерімов өнер көрсетіп, финалға жолдвса алды. Енді қазақстандық садақшылар финалда Аустралия командасымен алтын жүлдені сарапқа салады. Сондай-ақ бүгін жүлделі үшінші орынға Ресей және Испания командасы таласады. 

финал
Фото: ДКО
нысана
Фото: ДКО

Еске сала кетсек, сайыстың алғашқы күні Жәнібек Құлмырзаев Пута нысанасын көздеуде алтын жүлде жеңіп алған еді. 

Сонымен бірге қазақстандық мерген Ербол Тәпенов күміс, Қанат Қасымхан екі қола және Айкөркем Батихан тағы бір қола жүлдені ел қанжығасына салды. 

Кеше «Жамбы» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов қола жүлдеге ие болды.

Дәстүрлі садақ атудан бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Диас Ахметов аталған жарыстың қиындығы неде екенін айтып берді. 

 

Соңғы жаңалықтар