Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 226-ракеткасы Денис Евсеев Валенсия (Испания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

денис евсеев
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 514-орында тұрған испаниялық Мартин Ландалусемен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен бәсекеде Д.Евсеев 7:6 (8:6), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Екі сағат 13 минутқа созылған матч барысында ол 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 62-інші, жарыстың 1-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агут немесе оның отандасы, рейтингте 249-сатыдағы Алехандро Моро Каниастың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы жарысты сәтті өткізіп жатқанын жазған болатынбыз. 

Жібек Құламбаева Бангалор (Үндістан) ITF турнирінде жекелей сында тартысты ойында корт иесі Рутужа Босейлге есе жіберді – 6:7 (4:7), 6:1, 1:6. 

Соңғы жаңалықтар