Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды

Димаш
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке өз үлесін қосты. 

Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды. 

Айта кетейік, бүгін Ақтөбеге әнші Димаш Құдайберген келіп, № 40 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Онда тұрғындармен кездесті.

Сонымен бірге гуманитарлық көмек орталығындағы жұмыспен танысты. Мұнда еріктілер күні-түні жұмыс істеп жүр.

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ләззат Оразбаева әсіресе ГАЗель жүргізушілерінің осындай қысылтаяң кезде жасаған көмегі жайында әңгімелеп берді.

Олар күнделікті аудан-ауданға гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайды. 

Соңғы жаңалықтар