Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 492 – 498 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 494,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 537,40.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 493,3 теңге. Еуро 530 — 536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 498 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,47 - 5,57 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге төмендеп, 494,26 теңге болған.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.