Дональд Трамп өзіне қандай уәде берді
АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жылда әлемде бейбітшілік орнатуға күш салуға ниетті, деп жазды ТАСС.
Ақ үй басшысы бұл туралы Флорида штатындағы Уэст Палм-Бичке жақын маңдағы Мар-а-Лагодағы үйіндегі қабылдау алдында мәлімдеді.
Журналистердің «Жаңа жыл басталғанға дейін өзіне берген уәдесі бар ма?» деген сұраққа Вашингтон әкімшілігінің басшысы: «Иә, бар. Жердегі бейбітшілік» деді.
Трамп «АҚШ өз әскерін Украинаға жіберуге дайын ба, жоқ па», сондай-ақ «ЦРУ Венесуэлаға соққы беруде қандай рөл атқарды» деген сұрақтарға жауап бермеді. Трамп журналистерге сәл жымиып, рақмет айтты.
Бұған дейін Дональд Трамп Чикаго, Лос-Анджелес және Портлендтен Ұлттық гвардияның шығарылғанын жариялады.
Сондай-ақ АҚШ президенті осы аптада екінші президенттік мерзіміндегі заң жобасына алғаш рет вето қойып, екі партияның қолдауымен Конгрес қабылдаған екі бірдей заң жобасын қабылдамай қойды.