Дубайда көшеде жүгірген роботтың видеосы желіде тарады

АСТАНА. KAZINFORM – Дубайда көшенің арғы бетінен өтіп бара жатқан адам тәрізді роботтың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, желі қолданушыларының қызығушылығын туғызды, деп хабарлайды Kazinform.

Дубайда көшеде жүгірген роботтың видеосы желіде тарады
Фото: Видеодан алынған скрин / Kazinform

Дубай тұрғындары мен қонақтары қала көшелерін кезіп жүрген гуманоид роботты көріп, оның ерекше іс-әрекеттеріне куә болды. 

робот
Фото: Kazinform

Dubai Post жариялаған бейнероликте көшенің арғы жақ бетінде жүгіріп жүрген робот пен оны басқаруға арналған құрылғыны алып жүрген адамды байқауға болады. 

Бұған дейін Қытайда адам тәрізді роботтардың әлемдегі алғашқы жекпе-жегі өткен еді. Аталмыш жарыс тарихи оқиғаға баланды. Өйткені бұл әлемдегі алғашқы адам тәрізді роботтың қатысуымен өткен спорттық іс-шара. 

Сондай-ақ Қытайда алғаш рет роботтар футбол турниріне қатысқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар