Дулат Бекбауов Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері болды

АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов күміс медальға ие болды. 

Дулат Бекбауов Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері болды
Фото: qaz_team_official

Бұған дейін әлем және Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанып үлгерген Д.Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Мужибилло Турсуновпен шеберлік байқасты.

Аса қызу өткен жекпе-жек барысында бірінші раундта төрешілер басымдықты М.Турсуновқа берді – 3:2. Екінші кезеңде дәл осындай есеппен Дулат алға шықты. 

Үш раундтан соң бейнежазбаны қайталап көрген төрешілер жеңісті өзбекстандық боксшыға беріп жіберді. Осылайша, Қазақстан қоржынына әзірге 1 алтын, 3 күміс түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санжар Тәшкенбайдың бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған едік. Сондай-ақ Махмұд Сабырхан алғаш рет бокстан Азия чемпионатында топ жарды. Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатында күміс алды. 

Соңғы жаңалықтар