Эфиопияда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 9 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Эфиопияның орталығында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, 9 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам жараланды, деп жазды Синьхуа агенттігі.
Оқиға елдің ең үлкен аймағы Оромияның Шоа провинциясында болған.
Жергілікті қоғаммен байланыс кеңсесінің мәліметінше, медицина қызметкерлері мінген автобус қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.
Қайтыс болғандардың 7-уі медицина қызметкері, тағы 8 қызметкер жарақат алды. Оның үшеуінің жағдайы ауыр. Қазір зардап шеккендерге жақын маңдағы медициналық мекемелерде көмек көрсетіліп жатыр.
Жалпы автобуста 28 адам болған, олардың көпшілігі аймақтағы медициналық орталықтардың қызметкерлері. Олар Харамая университетіне кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысу үшін бара жатқан.
Айта кетейік, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты.
Бұл жол-көлік оқиғасында кімнің кінәлі екені айтылды.
Жол апатына қатысты тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды.