Екі облыста ауа райына байланысты жабылған жол қайта ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне енгізілген шектеу алынып, қозғалыс қалпына келтірілгенін хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысы:
— «Өскемен — Семей» автожолының 10-103-шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
— «Өскемен — Риддер — Ресей шекарасы» автожолының 15-105-шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
— «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 7-166-шақырымы аралығы (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін);
Абай облысы:
— «Өскемен — Семей» автожолының 103-198-шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін).
Ұлттық компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертеді.
Айта кетейік, кеше Шығыс Қазақстанда тағы бір жолда көлік қозғалысы шектелгенін жаздық.
Сондай-ақ кеше Батыс Қазақстан облысында да көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.