Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

14 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

 Ақтөбе облысы:

– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

 Қызылорда облысы:

– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы). 

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 00:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Бұған дейін Ақтөбеде қатты желден бірнеше бағыттағы жол жабылғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар