ҚР Бас прокуратурасында Биволға іздеу жариялау ісі ресми тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға Қазақстанмен қатар Қырғызстан елі де іс қозғап, іздеу салып жатыр.

Бивол
Фото: Instagram/bivol_kate

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында Дмитрий Биволдың бұрынғы жарына қатысты іздеу салу жөніндегі хабарлама жарияланған.

Ол жердегі мәліметке сәйкес Екатерина Бивол 1990 жылы 10 қаңтарда ТМД елдерінің бірінде дүниеге келген. Ұлты – орыс.

Іздеу ісі 2025 жылғы 1 қарашада тіркелген. Іздеу салған орган – ҚР Ішкі істер министрлігі, іздеумен Астана қаласының Байқоңыр аудандық полиция басқармасы айналысады.

Айта кетейік, еліміздің Ішкі істер министрлігі белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға іздеу жариялады. 

Еске сала кетейік, Бішкек қалалық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарып, халықаралық іздеу жариялады. Ол әлеуметтік желілерде қырғыз халқына қатысты қорлайтын сөздер айтқан видеолардан кейін ұлттық және діни алауыздықты қоздыру бабы бойынша іс қозғалды. 

Бивол
Фото: скрин/qamqor.gov.kz

 

Соңғы жаңалықтар