Екібастұздағы техногенді апат қайталанбай ма: Jibek Joly арнасында деректі фильм шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Jibek Joly телеарнасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары бойынша Павлодар облысының жылыту маусымына дайындығына қатысты деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Видеодан алынған кадр youtube.com/@kazinform

Екібастұздағы техногенді апат енді қайталанбай ма? ЖЭО мамандары мен коммуналдық қызмет жаңа жылыту маусымына қаншалықты дайын? Президент облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдарға қандай міндеттерді белгілеп, тапсырмалар жүктеді? Осы сұрақтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапарынан арнайы дайындалып, өңірдегі өзекті мәселелерді қамтыған «Ертіс бойындағы елеулі істер» деректі фильмінде жауап берілген.

Деректі фильм бүгін сағат 23:30-да Jibek Joly арнасынан көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар