Экс-дипломат Сәкен Мамаш ісі: сот отырысы кейінге қалдырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа әйелін жылдар бойы ұрып келді деген айып тағылып, іс сотқа жетті. Сот отырысының жалғасы кейінге қалды. Бұл туралы прокурор Жәңгір Сәдуақас мәлім етті. 

Экс-дипломат Сәкен Мамаш ісі: сот отырысы кейінге қалдырылды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Жәбір көрушіден жауап алынды, өкінішке қарай, мән-жайды толық тарқата алмаймын. Жәбір көрушінің өтініші бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды, 20 маусымда өтеді, — деді Жәңгір Сәдуақас БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Прокурордың айтуынша, келесі сот отырысы да жабық режимде өтеді.

— Қылмыстық іс 3 томнан тұрады. Сотқа қатысушы тараптар іс материалдарымен танысты. Келесі отырыста жәбір көрушіден жауап алу жалғасады, — дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай сот экс-дипломат Сәкен Мамашты үйқамақта ұстаудан бас тартты

Бүгін Астанада экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы басталды

Экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы ішінара жабық өтеді

Айта кетейік, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаш биыл 4 сәуірде қамауға алынды

Еске сала кетсек, былтыр мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсеткені, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы хабарлаған едік

Артынша әйелін ұрды деп айыпталған қазақстандық дипломатқа қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ елші кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш дағдарыс орталығына орналастырылды

Кейін әйелін ұрған экс-дипломатқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Биыл 21 мамырда әйелін үнемі ұрып келген экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі сотқа жіберілді

Соңғы жаңалықтар