Елена Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Relevant Tennis Twitter-аккаунты өзінің жазылушыларына наурыз айының қорытындысы бойынша әлемдегі үздік ойыншыны таңдауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

RelevantTennis мәліметіне қарағанда, үміткерлер тізіміне төрт теннисші енген.

Атап айтқанда, әлемнің 7-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина, сондай-ақ румыниялық Сорана Кырстя (WTA рейтингісінде 41-орын), Беларусь өкілі Арина Соболенко (2-орын), чехиялық Петра Квитова (10-орын) айдың үздік ойыншысы атағынан үміткер.

Елена Рыбакина наурыз айында Индиан-Уэллс мастерс турнирінде чемпион атанғаны белгілі.

Сондай-ақ 2 сәуірде аяқталған Майами мастерс жарысының финалына дейін жетті.

Е.Рыбакина 14-15 сәуірде Астанада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчына қатысып, ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстонда әлемнің экс-үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті.


Соңғы жаңалықтар
Референдум