Елімізде 100-ге жуық мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді

АСТАНА. KAZINFORM — «Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде әзірленген бірыңғай дизайн-кодпен 100-ге жуық білім ордасы жаңарып, ұлттық болмыс пен заманауи стиль үйлесім тапты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Елімізде 100-ге жуық мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Министрлік мәліметінше, бірыңғай дизайн-код — тек қабырғаларды безендіру үлгісі емес, тәрбиелеудің жаңа тетігі. Онда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен заманауи көркем шешімдер үйлесім тапқан.

— Мектеп қабырғалары Қазақстан табиғатының сұлулығын, тарихи тұлғалардың бейнесін, ұлы ойшылдардың қанатты сөздерін бейнелейтін муралдармен толықтырылады. Сондай-ақ, ортақ шрифт, түс және навигация жүйесі қарастырылып, мектеп кеңістігі бірыңғай эстетикалық және тәрбиелік бағытта жаңғыртылып жатыр, — делінген ведомство хабарламасында.

Кеңістік оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалған: бастауыш сыныптарда — мейірім мен патриоттық тәрбиеге, орта және жоғары буында — пәндік тереңдік пен зерттеушілік мәдениетке басымдық беріледі.

Жаңа дизайн-код алдымен «Келешек мектептерде», кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады.

Бұдан бұрын Алматыда жекеменшік мектеп лицензиясына қатысты дау туындағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар