Елімізде апта ішінде қандай кадрлық өзгеріс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Өтіп бара жатқан апта ішінде елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Kazinform агенттігі 12-18 қазан аралығындағы жаңа кадрлық тағайындауларға шолу ұсынады.

реформа, мемлекеттік қызметші
Фото: Ақорда

Аптаның алғашқы күні Нұрбек Серіков Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Нұрбек Серіков 1989 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Солтүстік Зауралье мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

2012 жылы еңбек жолын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы болып бастаған.

Әр жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде түрлі лауазымдарда, соның ішінде басқарма басшысы қызметінде жұмыс істеген. Кейін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болған.

2024 жылғы тамыздан 2026 жылғы қазанға дейін Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2026 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Мырза Еркенбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы бас хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған Мырза Еркенбек енді федерацияның спорт бағытына жетекшілік етеді.

Жаңа қызметінде ол ұлттық және жастар құрамаларының жаттығу процесін ұйымдастыру мен үйлестіруге, халықаралық жарыстарға дайындықты бақылауға, жаттықтырушылар штабымен өзара жұмыс істеуге, сондай-ақ федерацияның спорттық стратегиясын жүзеге асыруға жауап береді.

Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шакир Шаяхметов өңірдің судьялар корпусына және сот қызметкерлеріне Ақмола облысы бойынша Департаменттің жаңа басшысы Алмаз Ибраевты таныстырды.

Ибраев Алмаз Серікұлы 1977 жылы туған.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін (1999 жыл) және Халықаралық құқық және нарық академиясын (2001 жыл) тәмамдаған. Мамандығы – инженер-экономист, заңгер.

Еңбек жолы:

1998–2005 жылдары – мемлекеттік құрылымдарда, оның ішінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қызметкер, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2005–2010 жылдары – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының, Павлодар облысы

Екібастұз қалалық сотының судьясы.

2010–2020 жылдары – Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының төрағасы.


2020–2023 жылдары – Павлодар облыстық сотының судьясы.

2023–2025 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Денсаулық сақтау министрінің келісімі негізінде Медициналық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Жанерке Жақсылық тағайындалды.

Жанерке Алмасқызы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2009-2016 жылдары Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша үздік бітірген.

​Еңбек жолын 2017 жылы № 3 қалалық емханада учаскелік дәрігер ретінде бастап, осы емханада бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2023-2026 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. 2026 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін аталған департаменттің басшысы қызметін атқарып келді.

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды.

Ол 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Executive Management» бағдарламасы бойынша оқыған.

2010-2014 жылдары Лондон қаласындағы халықаралық компанияда ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік саласында түрлі қызметтер атқарған.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде, 2016-2017 жылдары «Зерде» ұлттық басқарушы холдингінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2017-2020 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығында түрлі лауазымдарды атқарған.

2020-2022 жылдары Сауда және интеграция министрінің орынбасары, 2022-2025 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болды.

2025 жылғы маусымда Президент кеңесшісі, сол жылғы желтоқсанда Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

WEF Young Global Leader 2025 және Global Women Asia Fellow 2024 халықаралық көшбасшылық бағдарламаларының мүшесі.

Жәнібек Нөпіров Еңбек министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999–2001 жылдары Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында бастаған.

Қысқартылған нұсқа:

2001–2010 жылдары Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде, сондай-ақ Статистика агенттігінде түрлі қызметтер атқарған.

2010–2013 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде, 2013–2019 жылдары Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2019–2022 жылдары Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болды. Кейін «Қорғас» ШМЫХО» АҚ мен «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған.

2023–2024 жылдары Қаржы министрлігі департаментінің директоры, 2024–2025 жылдары Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болды.

2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің директоры қызметін атқарды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлыбек Асылбеков денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. 

Нұрлыбек Әбібуллаұлы 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы «Фармация» РПП-де провизор-технолог ретінде бастаған.

1991–1994 жылдары — «Фармация» РПП директорының орынбасары, Шымкент облысы.

1994–2000 жылдары — «Фармация» АҚ-ның аудандық филиалы директорының орынбасары, бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

2000–2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының бас маманы.

В 2002–2012 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы басқармалары мен департаменттерін басқарған.

2012–2015 жылдары - ҚР Премьер-министрі Кеңсесі бөлімінің бас сарапшысы.

2015–2017 жылдары - Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

2017–2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2022–2025 жылдары - Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.


ҚР Үкіметінің қаулысымен Айнұр Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Айнұр Әбдіғақарқызы 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Ақмола облысы Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастаған.

2007–2008 жылдары Ақмола облысы Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде түрлі қызметтер атқарған.

2008–2020 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің құрылымдарында сарапшы, бас сарапшы және басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

2020–2022 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған.

2022–2024 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменті директорының орынбасары, 2024 жылдан бастап Әлеуметтік көмек департаментінің директоры болды.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Юлия Овечкина Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Юлия Руслановна 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2014–2016 жылдары — Риддер қалалық білім бөлімінде білім сапасын бағалау жөніндегі менеджер, бас маман.

2016–2017 жылдары — Өскемен қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының меңгерушісі.

2017–2020 жылдары — Өскемен қалалық білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтарын қорғау секторы меңгерушісі.

2020–2022 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін өткен аптадағы кадрлық тағайындаулар туралы жазғанбыз.