Елімізде ит-мысық аулау қызметі жергілікті әкімдіктерге беріледі
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде былтыр 26 мыңнан астам бұралқы ит-мысық ауланды. Қаңтардың 18-нен бастап бұл жұмысты жергілікті әкімдіктер атқарады.
Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 15-бабына тағы да өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Енді бұралқы ит-мысықты аулау, оларды жансыздандыру, жою жұмыстары жергілікті әкімдіктердің міндеті.
— 2025 жылдың маусым айында Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, биыл қаңтар айының 18-інен бастап күшіне енеді. Заңға сәйкес бұл жұмыс жергілікті атқарушы билікке жүктеледі, яғни қала, аудан, ауылдық округ әкімдері жауапты болады. Бұралқы ит-мысықты аулау, оларды орналастыру, таңбалау жұмыстарының бәрі әкімдікке жүктеледі, — деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек
Былтыр жыл ішінде Ақтөбе облысында 26 220 бұралқы ит, 500 мысық ауланды. Уақытша күтіп ұстау пунктіне 2700 бұралқы ит және 500 мысық жеткізілді. Барлығы 3 мыңнан астам бұралқы ит, мысыққа стерильдеу жасалды, екпе салынып, таңбаланды. Таңба жүйесіне енгізіліп, мекен еткен жеріне қайта жіберілді.
Еске салсақ, былтыр Ақтөбеде 100 млн теңге бөлінді. Ал 2024 жылы одан екі есе көп қаржы бөлінгенімен, басқармада бұралқы ит-мысықты ұстайтын орын болмай, бар жұмысты жеке кәсіпкер атқарды.