Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Атыраудағы ауа сапасы
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

— 27 наурызда Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Павлодар қалаларында ауаның ластануы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, жуырда әлемдегі ең лас қалалардың рейтингі түзілді. Швейцариялық IQAir компаниясы 2025 жылға арналған есепте 143 елдегі 9 446 қаланың ауа сапасы деректерін зерттеді. Агенттіктің жаһандық ауа сапасы жөніндегі жаңартылған есебіне сәйкес, Үндістан бұл тізімнің көшін бастап тұр.

Қазақстан бұл тізімде 55-орында тұр. Әсіресе Алматы қаласының түтіні мен лас ауасы атап өтілген.

Әлемдегі қалалардың тек 14%-ы ғана қауіпсіз ауа сапасы стандарттарына сай екені анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға азайған.

Ал экологтар Павлодардағы тағы бір ірі зауыттан кемшіліктер тапты.

Соңғы жаңалықтар