Еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: «Атырау» газеті

— 15 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Орал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе қалаларында, түнде Қостанай, Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, елімізде қалдықтарды басқару жүйесінің жаңа моделі ұсынылды. 

Ал Шымкентте қорғасын өндіретін кәсіпорынға 17 миллион теңге айыппұл салынды.

Алматыда 2026 жылы егілетін ағаш пен бұта саны артты.

Соңғы жаңалықтар