Еліміздің қай өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда жел күшейіп, боран соғып тұр. Осыған байланысты бірнеше облыста және қалада оқушыларды онлайн форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.

 Буран зима боран қыс метель люди адамдар отмена занятий в школах мектептердегі сабақтарды тоқтату
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Астана қаласында

2026 жылғы 11 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және көктайғақ) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Ақтөбе облысы

2026 жылғы 11 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстағы барлық мектептерде бірінші және екінші ауысымдағы 1–11 сынып оқушыларының сабақтары онлайн форматта өтеді.

Павлодар облысы

Ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты 2026 жылғы 11 ақпанда Павлодар облысында І ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1–2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы бойынша 11 ақпан күні ауа температурасының қолайсыздығына байланысты (жылдамдығы 25-30 м/с дейін қатты жел, боран) мектептердегі 1-ші және 2-ші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады:

0-11 сыныптар: «Қаратоғай ОМ» КММ, «Алғабас ОМ»,«Маралды ОМ»
0-9 сыныптар «Ақши БМ, «Ақсуат НОМ» КММ, «Жолнұсқау НОМ» КММ, «Монекей НОМ» КММ, «Қыстау Күршім НОМ» КММ.

Риддер қаласы бойынша 11 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, қатты жел, қарлы жауын ) барлық мектепте 1 ауысымның 0–9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Ұлан ауданы бойынша 11 ақпан 2026 жылы көктайғақ, қарлы жауын, бұрқасын жел болуына байланысты 0-9 сыныптары екі ауысымда да қашықтан оқытуға көшіріледі.

Қостанай облысы

Арқалық қаласында ауа температурасы −16 °C, желдің жылдамдығы 10 м/с-қа дейін және боран болуына байланысты бірінші ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Амангелді ауданында боран және желдің жылдамдығы 10 м/с-қа дейін күшеюіне байланысты бірінші ауысымдағы 0–9 сынып оқушылары да қашықтан оқытуға көшірілді.

Жангелдин ауданында ауа температурасы −19 °C, желдің жылдамдығы 7 м/с болуына байланысты бірінші ауысымдағы 0–6 сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.

Осыдан бұрын кеше Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқитыны айтылды.

Сонымен қатар ауа райының бұзылуына байланысты тағы екі облыста жол жабылды.

Соңғы жаңалықтар