Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім келді – Елена Рыбакина

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін алатын жүлдесі есебінен жас спортшыларға қолдау білдірмек. Бұл туралы ол Үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

«Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі, мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім келді», - деді Елена Рыбакина.

Сондай-ақ, спортшы қайырымдылық пен юниорларды қолдаудан бөлек, қаражаттың бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды .

Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға II дәрежелі «Достық» орденін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов табыстады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтап,

халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина барша жанкүйерлеріне алғысын жеткізіп,

Қазақстанға қайтатынын айтты.

Астаналықтар Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакинаны әуежайдан қарсы алды.


Фото:primeminister.kz
Соңғы жаңалықтар