Есіл өзенінен табылған ер адамның кім екені анықталды
АСТАНА.KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде Есіл өзенінің бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Осы оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер марқұмның жеке басына қатысты мәліметтерді анықтады. Ол 56 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
– Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.
Бұған дейін Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылғанын жазған едік.
Сондай-ақ Қызылордада бірнеше күн бұрын жоғалған 65 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Айта кетейік, Қазақстанда мәйітті компьютерлік томография арқылы зерттеу енгізіледі.