Филиппинде 5,8 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Филиппиннің солтүстігіндегі Илокос-Норте провинциясында 5,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстан аумағында тағы да жер сілкінісін тіркеді
Фото: Анадолы

Филиппиннің Вулканология және сейсмология институтының хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен шамамен 10:30–да болған.

Эпицентрі Пасукин муниципалитетінен солтүстік-батысқа қарай 29 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 27 шақырым тереңдікте.

Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Жер сілкінісі көршілес Кагаян, Илоко-Сур, Исабела және Абра провинцияларында да сезілген.

Жерасты дүмпулерінен кейін цунами туралы ескерту жарияланған жоқ.

Филиппин Тынық мұхитының «отты белдеуінде» орналасқан, бұл — әлемдегі сейсмикалық тұрғыда ең белсенді аймақтардың бірі. Сондықтан мұнда мұндай табиғи құбылыстар жиі болып тұрады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық сейсмологтар Өзбекстандағы жер сілкінісін тіркегенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар